Бүгін Сот Әкімшілігінің Қызылорда облысы бойынша Департаментінің құрылымдық бөлімдерінің 2026 жылдың І тоқсанында атқарған жұмыстарының қорытындысы бойынша жиын өтті.

Жиынға Департамент басшысы М.Асанова, Департамент басшысының орынбасары Е.Бөрібаев, бөлім басшылары, аудандық және оған теңестірілген соттардың әкімшісі басшылары қатысты.

Департамент басшысы М.Асанова жиынды ашып, қатысушыларды күн тәртібімен таныстырып, сот жұмысын ұйымдастыруға қатысты негізгі мәселелерге тоқталып өтті.

Департамент басшысының орынбасары Е.Бөрібаев сот жұмысын ұйымдастыру бағытында баяндама жасап, жұмыстың тиімді жоспарлануы, талдамалы қызметті жетілдіру, жоспарлардың орындалуы, азаматтардың арыз-шағымының уақытылы қаралуы мәселелеріне тоқталып, соттардағы кері байланысты күшейту қажеттігіне назар аударды.

Сонымен қатар, аудандық және оған теңестірілген соттардың әкімшілері басшыларының баяндамалары тыңдалып, соттардың қызметін тиімді ұйымдастыруға қатысты өзекті мәселелер кеңінен талқыланды.

Жиынды қорытындылаған Департамент басшысы М.Асанова еңбек тәртібін сақтау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелеріне тоқталып, алдағы уақытта жұмыстарды сапалы атқаруды тапсырды.

Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған