Қызылорда облыстық сотында мемлекеттік қызметшілерге арналған семинар сабағы өткізілді.
Семинарға Сот Әкімшілігінің Қызылорда облысы бойынша Департаменті басшысының міндетін атқарушы Е.Бөрібаев, бөлім басшылары мен мамандары, аудандық және оған теңестірілген соттардың әкімшісі басшылары мен мамандары қатысты.
Персоналды басқару бөлімінің бас маманы К.Ерманова мемлекеттік қызметті жетілдіру және мемлекеттік қызметшілердің білімін көтеру бойынша баяндама жасады.
Персоналды басқару бөлімінің бас маманы Б.Қаныбетова мемлекеттік қызметшілер әдеп нормаларын ұстанып, заң талаптарын бұзуға жол бермей, қоғам тарапынан сын тудыратын әрекеттерден аулақ болу керектігі жөнінде айтып өтті.
Сот Әкімшілігінің Қызылорда облысы бойынша Департаментінің ішкі қауіпсіздік бөлімінің сот приставы Ж.Қоңырбаев өз баяндамасында мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелеріне тоқталды.
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі