Мемлекеттік қызметте сатылап өскен

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы басшысының бұйрығымен Ұлттық статистика бюросы Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы лауазымына Әбсұлтанов Қайрат Байғабылұлы тағайындалды. Облыс әкімі төрағалығымен өткен мәжілісте кадрлық өзгерістерді таныстырған Нұрлыбек Нәлібаев:

-«Қайрат Байғабылұлы — өңірдің әлеуметтік-экономикалық ахуалымен етене таныс, мемлекеттік қызметте сатылап өскен білікті кадр. Бұған дейін статистика және өзге де маңызды салаларда табанды еңбек еткен. Жұмыс барысында басты индикаторлар мен межелі міндеттерге қол жеткізді. Мемлекеттік міндеттерді іске асыруда деректердің ашықтығы, анықтығы және сапасы маңызға ие.

Бұл ретте аймақтағы статистикалық деректерді қалыптастырумен қатар цифрландыруға бағытталған тың жобаларды жүзеге асыру керек. Қайрат Байғабылұлы жаңа қызметте өңірдің әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы маңызды ақпараттық-статистикалық дерек қорлардың жинақталуын, тіркелуін және дер кезінде жаңартылуын қамтамасыз етеді. Ұлттық санақтардың жүргізілуін, ресми статистикалық ақпараттарды тарату жұмыстарын жүзеге асырады», – деді аймақ басшысы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған