БАСҚАРМА БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен өткен кадрлық өзгерістерге байланысты актив отырысында бірыңғай конкурстық комиссия шешімімен Қызылорда облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы лауазымына Сыздықов Жәнібек Шәкімбайұлы тағайындалғаны хабарланды.

Облыс әкімі басқарманың жаңа басшысын таныстырып, қызметіне сәттілік тіледі.

– «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы өз Жолдауында 2025 жылға дейін жергілікті маңызы бар жолдардың кемінде 95 пайызын жақсарту туралы тапсырма берді. Бүгінде өңірдегі жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының жақсы және қанағаттанарлық жай-күйі 82 пайызды құрайды. Биыл бұл көрсеткішті 87 пайызға жеткізу үшін 585 шақырым жергілікті маңызы бар автомобиль жолдары мен елді мекендердегі көшелерді жөндеуге бюджеттен 36 млрд. теңге бағытталды. Бөлінген қаржы өткен жылмен салыстырғанда 2,5 есеге артты. Дегенмен, қол жеткізген нәтижелерге тоқмейілсімей, бұл жұмыстарды одан әрі жандандыруымыз керек», – деді аймақ басшысы.

Актив отырысында облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Дүйсенбаев басқарма басшысын жаңа қызметімен құттықтады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған