Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ғабит Жаңабаев:

Құрметтеу – біздің парызымыз

Сыр өңірінен майданға 70 мыңнан астам азамат аттанып, оның 30 мыңнан астамы соғыста қаза тапты, хабар-ошарсыз кетті. Өкінішке орай Ұлы Отан соғысына қатысушылар қатары жылдан-жылға азаюда. Сондықтан оларды қадірлеу, барынша құрметтеу – біздің парызымыз.

Ардагерлерімізге жыл сайын мереке қарсаңында барынша әлеуметтік қолдаулар көрсетіліп келеді.

Бүгінгі күнге аймағымызда Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен оларға теңестірілген 4 177 ардагер бар.

Оның ішінде Ұлы Отан соғысының қатысушылары алтау, Қазалыда 2, Сырдарияда 1, Шиеліде 1, Қызылорда қаласында 2.

Облыстағы Ұлы Отан соғысының 6 қатысушысына (435 АЕК) 1 млн 500 мың теңгеден біржолғы әлеуметтік көмек төленеді.

Ұлы Отан соғысының қатысушыларына мемлекет тарапынан ай сайын орта есеппен 178 мың теңгеден зейнетақы және 55200 теңгеден (16 АЕК) арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төленіп отыр.

Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы ордендерімен және медальдарымен марапатталған 10 ардагерге 207,0 мың теңгеден біржолғы әлеуметтік көмек төленеді.

Оларға мемлекет тарапынан ай сайын орта есеппен 126 мың теңге зейнетақы және 7350 теңгеден (2,13 АЕК) арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төленіп отыр.

Екiншi рет некеге тұрмаған, қайтыс болған соғыс мүгедектерiнiң және соларға теңестiрiлген мүгедектердiң, қатысушылардың 31 әйелiне (күйеулерiне) 138 мың теңгеден біржолғы әлеуметтік көмек төленеді.

Оларға мемлекет тарапынан ай сайын орта есеппен 131 мың теңгеден зейнетақы және 15456 теңгеден (4,48 АЕК) арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төленіп отыр.

Ұлы Отан соғысы жылдарында тылда кемінде 6 ай жұмыс істеген 2408 азаматқа 138,0 мың теңгеден біржолғы әлеуметтік көмек төленеді.

Оларға мемлекет тарапынан ай сайын орта есеппен 120 мың теңгеден зейнетақы және 7350 теңгеден (2,13 АЕК) арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төленіп отыр.

Жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген 1275 адамға 138,0 мың теңгеден біржолғы әлеуметтік көмек төленеді.

Оның ішінде Ауған соғысының ардагерлері 538, Чернобыль АЭС апатының зардабын жоюға қатысушылар 224, Семей ядролық сынақтарына қатысушылар 431, басқа мемлекеттерде әскери қызметін өткеру кезінде мүгедек болған әскери қызметшілер 82.

Оларға мемлекет тарапынан ай сайын 21355 теңге (6,19 АЕК) арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төленіп отыр.

Басқа мемлекеттердің аумақтарындағы ұрыс қимылдарының 447 ардагеріне 138,0 мың теңгеден біржолғы әлеуметтік көмек (40 АЕК) төленеді. Оның ішінде:

Тәжік-ауған учаскесіндегі ТМД шекарасын қорғауға қатысқандар 326, Таулы Қарабахтағы этносаралық қақтығысқа қатысқандар 116, Ирактағы халықаралық бітімгершілік операциясына қатысқандар 5.

Оларға мемлекет тарапынан ай сайын 16560 теңге (4,8 АЕК) арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төленіп отыр.

Жеңіс күні қарсаңында облыс әкімі мен орынбасарлары, Қызылорда қаласы мен аудан әкімдері, басқарма басшылары Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің үйлеріне барып құттықтайды.

Сонымен қатар мамыр айының 6 – 10 мамыр аралығында ардагерлерге арналған қайырымдылық акциясын ұйымдастыратын боламыз. Акция шеңберінде аймағымыздың ірі мұнай компаниялары мен кәсіпкерлері ардагерлерді мерекесімен құттықтап, қолдау көрсетуге ниетті.

Бұдан басқа 5 мамыр күні Нартай Бекежанов атындағы драма театрында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 78 жылдығына арналған салтанатты шара өтеді.

9 – мамыр күні «Мәңгілік алау» мемориалына салтанатты түрде гүл шоқтарын қою рәсімі өткізіледі.

Толық нұсқасын «Ақмешіт ақшамы» газетінен оқи аласыздар

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған