Аудан әкімідігінде жылу беру маусымын қорытындылау және алдағы жылыту маусымына дайындық жұмыстары жөніндегі штаб отырысы өтті.

Жиында «2022-2023 жылдардағы жылу беру маусымын қорытындылау мен алдағы міндеттер және Өрт оқиғаларының алдын алу шаралары талқыланды. Басқосуда алдымен сөз алған аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Шерхан Есжанов:

– Жалпы, аудан бойынша тұрғындармен әлеуметтік нысандарға қажетті болып есептелген 27 560 тонна қатты отынмен, 3000 тонна сұйық отын мердігерлермен жасалған келісім шарттар және меморандумдар аясында ұйымдастырылып, ауданға тасымалданып жеткізілді. Бөлім тарапынан күнделікті көмір қоймаларындағы отын қоры тексеріліп, қажеттіліктер бойынша жұмыстар облыстық энергетика басқармасымен бірлесе атқарылып отырды, – деп атқарылған жұмыстарға тоқталды.

Өз кезегінде аудан әкімі қала, кент, ауылдық округ әкімдері аумақтарында орналасқан әлеуметтік нысандардың барлығына бірінші басшылардың жауапты екендігін айтты.

– «Қыстың қамын жаз ойла» деген дана сөз бар, алдағы жылу беру мауысымына дайындыққа қазірден бастап кірісу қажет. Жылу беру маусымындағы қажетті отын қорымен қамтамасыз етуге қатысты тиісті шаралар қабылдау тікелей міндеттеріңіз екенін тағы да естеріңізге саламын. Сондықтан қала, кент, ауылдық округ әкімдері, қажетті отын қорының көлемін нақтылау мақсатында осы бастан қайта зерделеу жүргізіп, сапалы мәлімет ұсынуды қатаң тапсырамын» – деді Серік Сағитжанұлы.

Жылу беру маусымында орын алған өрт оқиғалары туралы аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Дархан Шәкен баяндады.

– «Өткен жылы жылу беру маусымында тұрғын үйлерде төтенше жағдай болмауы үшін қажетті шаралар қабылданды. Тұрғын жайларға рейдтік шаралар жүргізіліп, түсіндірме жұмыстары да жасалды. Еріктілер де тартылды» – деп өрт қауіпсіздігі бойынша атқарған жұмыстарын саралап өтті.

Аудан әкімі жылу беру маусымы кезінде Арал қаласының кейбір мөлтек аудандарында көгілдір отынды беруде де біршама тұрақсыздық байқалғандығына тоқталып, жеке секторларда әлі де болса зерделеу мен түсіндіру жұмыстарын жандандыру қажеттігін айтты. Сондай-ақ алдағы жылу беру маусымында бу қазандықтарының техникалық ақауларына байланысты өрт оқиғалары мен төтенше жағдайлардың да туындау қаупін сейілту бойынша тиісті жұмыстар жасалу керектігін жауапты басшыларға тапсырды.

Толық нұсқасын «Ақмешіт ақшамы» газетінен оқи аласыздар

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған