Өткен жылдан бері Жаңақорған ауданында аудан әкімі Мұрат Жолкелдіұлы Тілеуімбетовтың қолдауымен «Құрметтеуге лайықты жан» жобасы қолға алынып, дәстүрлі түрде өз жалғасын тауып келеді.

Осы орайда «Тау самалы» тынығу лагерінде көп балалы және жалғыз басты аналар, кәсіпкер қыз-келіншектер мен белсенді аналар табиғат аясында аудан басшысымен кездесіп, еркін форматта пікір алмасып, өздерінің ұсыныс пікірлерін ортаға салды.

Сонымен бірге жергілікті кәсіпкер аналар мен қыз-келіншектер өздерінің өнімдерінен жәрмеңке жасап, ұлттық дәстүрлерді дәріптеп, көрме өткізді.

Сондай-ақ аудан әкімдігінің қолдауымен жергілікті кәсіпкер аналар мен Қызылорда қаласының ірі сауда үйлері арасында өзара сауда саттық меморандумы жасалды.

 «Жаңақорған» әжетхана қағазын өндіруші кәсіпкер Ш.Сүлейменова мен Қызылорда сауда үйі желілерінің құрылтайшысы Е.Ескендір, ауылшаруашылығы өнімдерін өндіруші Ш.Сүлейменова мен Қызылорда облысының жеке кәсіпкерлер қоғамының қоғамдық тамақтану ассоцациясы директорының орынбасары М.Сәрсенбаева, төсек орын жабдықтарын дайындаушы Н.Бектұрсынқызы мен «Баян Сұлу» ЖШС директоры Б.Божбанбаева арасында өзара сауда-саттық жөнінде келісімге қол қойылды.

Ауыл келіндері ұршық иіріп, жүн сабап, диірмен тартып, бауырсақ пісіріп, табаға нан жауып, ұмыт болып бара жатқан ауыл әйелдерінің тірлігінің көрінісін жасады.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған