“Талды-Аша” шаруа қожалығының иесі қазалылық Жанболат Әбиев 20 жылдан бері мал шаруашылығымен қатар, бау-бақша да егіп ебін тапқан. Суды үнемдеу технологиясын пайдалана отырып, суды жеткізіп отыр. Мал кіріп кетпес үшін 2 гектар жерді тоқпен қоршап қойған.

Кәсіпкерлер шаруа қожалық басында ауқымды семинар өткізді. Шараға арнайы барған Қазалы ауданы әкімі Мұхтар Оразбаев қожалықтың бұлай бақша баптауы көпке үлгі боларлық іс екенін атап өтті.

Басқосуда аралдық бақшашылар да сөз сөйлеп, ойларын ортаға салды.

Шара барысында Әбиевтің бақша өнімдерінен көрме ұйымдастырылды. Аудан өнерпаздары мен әжелер ансамблі ән салып, өнер көрсетті.

“Талды-Аша” шаруа қожалығы мал бағып, құрт, айран және қымыз шығарып, халықты жергілікті сүт, мал өнімдерімен қамтамасыз етіп отыр.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған