Спорт алаңы сапалы ма?

Өткен 2022 жылда ауыл орталығынан “Samruk – Kazyna Trust” корпоративтік қоры спорт кешенінің құрылысын бастады. Құрылыстың жұмысын қадағалау мақсатында ауыл әкімі Ақмырзаев Мәмбетәли Сейтжапбарұлы және мердігер мекеменің жауапты мамандары, ауылдық округ әкімшілігінің мамандары құрылыс-монтаж жұмыстарының жүру барысымен танысып шықты.

“Ойын алаңдары туралы әлеуметтік желіден көп сын айтылып жатады. «Қирап қалды, сынып қалды, қайда кетті» деген сияқты. Біз жыл санап ойын алаңдарына қатты мән беріп жүрміз. Өздеріңіз білесіздер, ауылымызда 3 ойын алаңдары бар. Сонымен қатар «Балалар жылы» аясында демеушілердің қаражаты есебінен ауылдық округте екі спорттық ойын алаңдарының құрылысы басталып, кіші футбол алаңы мен тренажерлық құрылғылары орнатылып, 1 спорт ойын алаңы пайдалануға берілді, екіншісінің құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Бірінші кезекте сапаға мән беріп, құрылыс жұмыстарын уақытылы аяқтау маңызды. Барлық жұмыстарды сапалы етіп, тездетіп бітіру керек. Күнделікті өзім қадағалап, бақылауда ұстаймын. Материал да, жұмыс та сапалы болсын», – деп нықтап тапсырды ауыл әкімі.

Жасөспірімдер қамы үшін салынып жатқан кешеннің жалпы құны 239 млн. теңге құрайды. Мұнда ауыл балалары спорттың барлық түрлерін ойнай алады. Спорттық кешен құрылысы келісім-шарт бойынша тамыз-қыркүйек айларында аяқталады. Дегенмен мердігер мекеме басшылары құрылыс жұмыстарын екі ай көлемінде бітіріп, ел игілігіне пайдалануға беруді жоспарлап отыр.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған