Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының басты қағидаты – азаматтар мүддесі үшін жұмыс істеу, тұрғындармен тікелей қарым-қатынас жасап, олардың проблемаларын шұғыл шешу.

Биылғы жылдың ақпанының 22-сінде облыс әкімінің жеке қабылдауына келген саяжай тұрғындары «Еңбек» саяжайына ауыз су, табиғи газ және электр жарығын жүргізу мәселесін көтерген еді. Нұрлыбек Машбекұлы қала әкімі мен облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысына саяжай аумағындағы инфрақұрылым түйткілдерін мұқият зерттеп, 10 наурызға дейін электр жарығын жүргізуді міндеттеді.

Бүгінде жауапты мамандар «Еңбек» саяжайының жағдайымен танысып, қажетті инфрақұрылымдарды тартуда. Облыс әкімінің тапсырмасымен саяжайдың орталық 3 көшесіне 2,8 шақырым кабель мен 36 жарықшам бағанасы орнатылды. Аталған жұмыстар демеушілер қаржысы есебінен жүзеге асырылды. Халық көтерген мәселелердің дер кезінде шешілуі сөз бен істің үйлесім тапқанын көрсетеді.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған