Шыны ауытында шынымен де бір қарбалас тірлік болып жатыр. Әйтеуір қозғалыссыз емес.

Облыс әкімі Н.Нәлібаевтың тапсырмасымен шілденің 25-нен бастап облыс әкімінің бірінші орынбасары С.Қожаниязов басқаратын арнайы штаб құрылып, аптасына 2 рет жедел отырыс өткізіп, зауытты ашу үшін қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуде кедергілерді жою, инфрақұрылым жеткізу, мамандар тапшылығы мәселелерін бірлесе, кеңесіп шешуде біраз тірліктер атқарылды. Облыс әкімі Н.Нәлібаев осы шыны зауытында болды. Өткен жылдың желтоқсан айында зауыттың күйдіру пешін іске қосып, мәз болып биылғы көктемде шыны шығарамыз деп бүкіл әлемге жар салып, ақырында көктем не, жаз өтіп күз келеді, шығарған шынымыз жоқ, жар салған бүкіл әлемге өтірікші болып күйіп тұрған жайымыз бар.

Аймақ басшысы Н.Нәлібаев айтқандай бәлен уақытта зауытты іске іске қосамыз деп ел алдында айтуға да ұят, зауытты қозғалтып жатырмыз деп теледидардан көрсетуге де жүз жасыратын болдық. Шынын айтқанда күйдіргі пешті қосу, реттеу барысында ақаулар анықталып, қазір қажетті қондырғысы тапсырыспен жеткізіліпті. Сондай-ақ зауытты іске қосуға талпынып жүрген басшы, маман, жұмысшылармен кездесуде Н.Нәлібаев жергілікті биліктің өз міндетіндегі жарық, байланыс желісі, көлік жолы, су кәріз жүйелері зауытқа жетіп тұрғанын, тіпті сыртқы темір жол тұйығы құрылысы да аяқталғанын ашып айтты. Сондай-ақ “Шынын айтқанда, зауытты іске қосу процесі тым ұзап кетті. Бар мүмкіндікті пайдаланып, зауытты іске қосуымыз қажет. Бұған дейін уәде көп берілгенімен, нәтиже болмады. Халық асыға күтіп отыр. Сондықтан қалайда өндірісті аяқтауға тиіспіз. Аптасына екі рет штаб өткізіп, өзекті мәселелерді талқылау қажет. Бәрі де менің тікелей бақылауымда болады”- деді. Қазіргі жоспар бойынша шыны зауытының бірінші өнімі қазан айында шығады деп күтілуде.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған