Ағымдағы жылдың 11–16 шілде аралығында Қызылорда облысының аумағында жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жол қозғалысына қатысушылардың тәртібін арттыру және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шараның екі күнінің қорытындысы бойынша 622 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.
Атап айтқанда:
• ҚР ӘҚБтК-нің 463-бабы бойынша (тиісті тіркеусіз, рұқсатсыз немесе хабарлама жібермей кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысу) – 2;
• 571-баптың 2-бөлігі бойынша (жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларын бұзу) – 63;
• 590-баптың 2-бөлігі бойынша (белгіленген тәртіппен тіркелмеген көлік құралын басқару) – 13;
• 590-баптың 8-бөлігі бойынша (медициналық қарап-тексеруден өтпеу) – 1;
• 590-баптың 7-бөлігі бойынша (көлік құралын заңсыз қайта жабдықтау) – 16;
• 590-баптың 9-бөлігі бойынша (міндетті техникалық қарап-тексеруден өтпеген көлік құралын пайдалану) – 29;
• 591-баптың 1-бөлігі бойынша (көлік құралын басқару кезінде ұялы телефон пайдалану) – 71;
• 596-баптың 3-бөлігі бойынша (қарсы қозғалыс жолағына шығу) – 4;
• 608-бап бойынша (көлік құралын мас күйінде басқару) – 6;
• 593-бап бойынша (қауіпсіздік белдігін пайдалану және жолаушыларды тасымалдау қағидаларын бұзу) – 161;
• 612-баптың 3-бөлігі бойынша (көлік құралын басқару құқығынан айырылған адамның қайтадан көлік басқаруы) – 4 дерек анықталды.
Полиция қызметкерлері жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды күшейтіп, заң бұзушылықтардың алдын алу шараларын жалғастыруда.
Құрметті жол қозғалысына қатысушылар!
Жол ережесін сақтау – әрбір азаматтың міндеті. Көлік құралын басқару кезінде жылдамдық режимін сақтаңыз, қауіпсіздік белдігін міндетті түрде тағыңыз, ұялы телефонды пайдаланбаңыз және ешқашан мас күйінде көлік тізгініне отырмаңыз. Жолдағы әрбір жауапсыз әрекет адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін.
«Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда. Полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерінің сақталуына бақылауды күшейтіп, құқық бұзушылықтарға заң талаптарына сәйкес шара қолданатын болады.