САБЫН ШЫҒАРЫП ЖАТЫР

Қазалы ауданы әкімі Мұхтар Оразбаев жақында ғана сабын шығара бастаған цехтың жұмысымен танысты. Жаңа кәсіптің түрін қолға алған жеке кәсіпкер Руслан Бөлекбаев сабын шығару процестерін кезең-кезеңімен айтып беріп, цехтағы құралжабдықтарды көрсетті.

– Қазіргі таңда күніне майлылығы әр түрлі 2,5 мың сабын шығарып жатырмын. Жергілікті өнімге сұраныс жоғары. Қазалы ауданымен қатар, көршілес Байқоңыр қаласынан да тапсырыстар түсіп жатыр. Бағасы да тұрғындар үшін қолжетімді. Салмағы 200 грамм болатын майлылығы 65 пайыз сабынды 120 теңгеден сатып жатырмын. Ал майлылығы мен салмағы жоғарылаған сайын өзіндік құны да қымбатырақ болады, – деді жеке кәсіпкер.

Қазалының жаңа брендін қалыптастыруды қолға алған кәсіпкер алдағы уақытта әжетхана қағазын шығаруды жоспарлап отыр. Бұл туралы аудан басшысына да айтып берді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған