Көктемнің алғашқы шуақты мерекесі – Алғыс айту күніне орай шаһар басшысы Серік Қожаниязов «Су жүйесі» және «Қызылорда тазалығы» мекемелеріне арнайы барып, қала тынысымен біте қайнасып жатқан сала мамандарын құттықтады.

Коммуналдық шаруашылық – мемлекеттің, экономиканың, халықтың әл-ауқатынына тікелей әсер ететін сала. Сондықтан да өңірдің бас шаһарында аталмыш саланы дамыту, қарапайым еңбек адамдарын ұлықтау бағытында аймақ басшысының бастамасымен өткен жылдан бері игілікті жұмыстар жасалып келеді. Сала қызметінің жұмысшыларына қоғамдық көліктерде тегін жүру карталары, еліміздің шипажайларына тегін жолдама сыйлау үрдісі биыл да жалғасын тапты.

Алғыс айту күнінде қос мекеменің бірқатар қызметкерлерін мерекемен құттықтаған қала әкімі Серік Қожаниязов «Еліміздегі ең маңызды әрі күрделі салалардың бірі – коммуналдық сала. Сіздердің жұмыстарыңыз бүкіл халықтың тұрмыс-тіршілігінде маңызды рөл атқарады. Бұл ретте ауа райының қолайсыздығына қарамай күні-түні еңбек етіп жүрген өздеріңізге шынайы алғысымды білдіремін. Сіздердің өлшеусіз еңбектеріңіз біз үшін қашанда құнды болып қала бермек» деп, сала үздіктеріне Сарыағаш шипажайына тегін жолдама мен арнайы Алғыс хаттарын табыс етті.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған