• Халыққа қолайлы орта қалыптастыру мақсатында биыл 18 жаңа нысанның құрылысы салынады. Бұл жобалар үшін 2,2 млрд. теңге қаржы қаралды. Оның ішінде «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша 10 жобаға 1,2 млрд. теңге, «Моно және шағын қалаларда инфрақұрылымды дамыту» бағдарламасы бойынша 2 жобаға 180 млн. теңге, «Газ объектілерін дамыту» бағдарламасы бойынша 2 жобаға 352 млн. теңге, «Кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы бойынша 2 жобаға 169 млн. теңге, «Коммуналдық тұрғын үй қорынан осал топтарға тұрғын сатып алу» бағдарламасы бойынша 1 жобаға 266 млн. теңге, «Мемлекеттік ғимараттарды салу» бағдарламасы бойынша 1 жобаға 1,4 млн. теңге қаралды.

• Аталған жобалардан бөлек, сараптаманың оң қорытындысын алған 5 жобаның құжаты дайын. Олар – Әйтеке би кентіне салынатын тұрғын үйлерді инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету, атап айтқанда, электрмен жабдықтау, жол салу, Қ.Пірімов ауылының жеке тұрғын үй секторының инженерлік инфрақұрылымы және Ү.Түктібаев ауылын электрмен жабдықтау жобасы.

• Биыл Қазалы ауданында бұл бағытта 6 жоба жүзеге асырылмақ. Атап айтқанда, Абай елді мекеніндегі орамішілік газ желілерінің құрылысына Ұлттық қордан 25,4 млн. теңге қаралды. Былтыр құрылысты бастау үшін 41 млн. теңге бөлінген болатын. Жалпы құны – 343 млн. теңге.

• Қазалы ауданының Ақтан батыр, Жанқожа батыр, Бекарыстан би, Майдакөл, Ү.Түктібаев елді мекендеріне газ құбырын тарту, Қазалы қаласының, Қожабақы елді мекенінің электр желілері мен қондырғыларын қайта жаңғырту республикалық, облыстық бюджеттен қаржыландырылды.

• «РЗА» АҚ-ның «Қазалы ауданында 184,29 гектар суармалы жер учас­кесін құру» жобасының сыртқы инфрақұрылым объектілерін, яғни сорғы станцияларын салу, жаңбырлатқыштарды электрмен жабдықтау республикалық бюджеттен қолдау тапты.

• Әйтеке би кентінің электр желілерін қайта жаңғыртуға облыстық бюджеттен қосымша 32 млн. теңге қажет.

 • Автомобиль жолдары бойынша 5 жоба ұсынылды. Әйтеке би кентіндегі Бегім ана, Сырым батыр көшелерін күрделі жөндеуге, Жанқожа батыр және Әйтеке би көшелерін қайта жаңғыртуға қаржы бөлінді. Мұнан бөлек, Қазалы қаласы көшелерін қайта жаңғырту, Алға ауылдық округінің Бейбітшілік және Б.Әбдіразақов көшелерін орташа жөндеу үшін қажетті қаражат қаралған.

• Аталған жобалардан бөлек, аудан әкімі бірқатар көшені салу және күрделі жөндеу қажеттігін атап өтті. Оның ішінде аудандық маңызы бар 22 шақырым «Бозкөл – Тасарық» автомобиль жолын орташа жөндеу ұсынысы қолдау тапты. Жобаның болжамды қаржысы – 830 млн теңге.

Әкім бағасы:

Қызылорда облысының әкімі Н.Нәлібаев:

 – Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша Қазалы ауданының өсу динамикасы тұрақты. Негізгі капиталға үшін биыл 17 нысанның құрылысы жаңадан басталады. Бұл жобаларға 2,3 млрд. теңге қаржы бөлінді.

Облыс әкімі тапсырмасы:

 Кеңесте облыстық басқарма басшылары ауданның даму жоспарына қатысты ұсыныс-пікірлерін айтты. Мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру, негізгі экономикалық индикаторларға қол жеткізу, нысандар құрылысын салу, инфрақұрылымды дамыту мәселелері талқыға түсті.

Тұрғындардың өтініш-пікірлеріне назар аударып, кері байланыс орнату қажеттігі ескертілді. Жобалардың тиімділігі мен маңыздылығы терең зерделенуі тиіс.

Сондай-ақ, облыстық басқарма басшыларына «Ауыл – ел бесігі» жобасын іске асыру, аудандық маңызы бар жолдарды жөндеу және салу, инфрақұрылым желілерін әрі қарай дамыту бойынша міндеттер қойылды.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған