• Қазір жалпы құны 15,4 млрд. теңге болатын 41 жоба дайын. Оның ішінде, 11 жобаны бірінші кезекте қаржыландыру сұралды. Олар – Дүр Оңғар елді мекенін газдандыру, Тұрмағамбет ауылынан жаңадан 250 орындық мектеп салу, Қуандария және Дүр Оңғар елді мекендерінің электр желілерін жаңғырту және қосалқы станциясын кеңейту. Сонымен қатар, Жосалы кентіндегі Мырзағалиева көшесінен теміржол өткелін, Қуаңдария және Алдашбай ахун ауылдық округтерінен балабақша, Жосалы ауылдық округінен ауылдық клуб үйі мен спорт кешенінің біріккен ғимаратын, Төретам кенті мен Ақай ауылына айналма жол салу ұсынылды. Тұрғын үйге мұқтаж топтарға 92 үй сатып алу, Жосалы кентіндегі Тәуелсіздік ықшам ауданына су құбырын жеткізу де маңызды. Тірек және спутник елді мекендер қатарына енбеген Көмекбаев ауылдық округінің 2 көшесін, Алдашбай ахун ауылының 3 көшесін, Қармақшы ауылының 3 көшесін орташа жөндеу қажет етіледі.

• Автомобиль жолына қатысты 15 жоба, көшелерді жарықтандыру бойынша құны 355,1 млн. теңге болатын 11 жоба дайын.

• Биыл құны 3,6 млрд. теңге болатын 15 жобаға қаржы бөлінгенін айтты.

• Ауданда электр желілерін жаңғырту үшін демеушілер есебінен жоба-сметалық құжаттар әзірленген болатын. Биыл Көмекбаев, Ақтөбе, Иіркөл елді мекендеріне 631 млн. теңге қаржы қаралды. Жұмыс жақын арада басталады.

• Жосалы кентіндегі жаңадан ашылған «Тәуелсіздік» ықшам ауданына газ желісі жеткізіледі.

• Облыстық бюджет есебінен «Самара-Шымкент-Ақжар-Көмекбаев» аудандық маңызы бар автомобиль жолының 27 шақырымына орташа жөндеу жұмыстары басталған еді, былтырға жоспарланған 11 шақырымы аяқталды. Биыл қалған 16 шақырымын жөндеу жалғасады.

• Сондай-ақ, «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында жалпы 9 көше жөнделеді. Атап айтсақ, Ақжар ауылына бір көше салынады, Тұрмағамбет ауылының бір көшесі күрделі, 4 көшесі орташа жөнделеді. Жосалы кентінің бір көшесіне, Төретам кентінің екі көшесіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

• Кентте «Руханият орталығы», «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасымен Қуаңдария және Қармақшы ауылдарында фельдшерлік-акушерлік бекет, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасымен 2 мектеп бой көтермек.

• Байқоңыр қаласында 50 пәтерлік 5 тұрғын үй салынуда. 2021-2023 жылдары 2,8 млрд. теңге қаржы игеріліп, биылға 727,9 млн. теңге қаралған. 2022 жылы Ақай елді мекенінде дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы басталды, бүгінде жұмыс аяқталуға жақын.

• Өткен жылы Жаңажол, ІІІ Интернационал ауылдарында спорт кешендерінің құрылысы бастау алған, биылғы бірінші жартыжылдықта аяқталады деп жоспарлануда.

• Төретам кенті мен Ақай елді мекенін газдандырудың құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп, бүгінде Ақай ауылы толығымен қосылды. Ал, Төретам кентінде жұмыстар бітуге таяды.

Әкім бағасы:

Қызылорда облысының әкімі Н.Нәлібаев:

– Қармақшы ауданының өсу динамикасы тұрақты. Негізгі капиталға салынған инвестициялар 15,2 млрд. теңге немесе 113,8% болған, жұмысты жүйелеуде бюджет қаражатына ғана арқа сүйемеген. Бюджетті 99,1% игерген. Ауданның өз кірісі 2022 жылы 1,8 млрд. теңге болса, 2023 жылы 2,2 млрд. теңгеге өскен.

Аудан қаржысы:

Қармақшы ауданының бюджеті 2024 жылға трансферттер мен кредиттерді қоса алғанда 14,6 млрд. теңге болып бекітілген. Барлық кірістерінің 14,5 пайызын өз кірістері, 42,4 пайызын субвенция, 38,4 пайызын трансферттер, 4,7 пайызын несиелер құрайды.

Облыс әкімі тапсырмасы:

Аудан әкімі биылға жоспарланған көрсеткіштердің сапалы, әрі уақытылы орындалуына жауапты. Ең бастысы тұрғындардың талап-тілектері, өтініш-пікірлері ескерусіз қалмауы тиіс. Ал облыстық басқарма басшылары «Ауыл – ел бесігі», басқа да ұлттық жобаларды іске асыруда, жолдарды жөндеу және салуда, инфрақұрылым желілерін әрі қарай дамытуда өздеріне жүктелген міндеттерді атқаруы керек.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған