«Жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасы еріктілерімен «Қоғамдық бақылау» бағытындағы мемлекеттік сатып алу порталының мониторингін іске асыру мақсатында оқыту семинар өткізілді.

Жобаның аталған бағыты бойынша іс-шаралар мемлекеттік сатып алу порталында бағаның асып кетуіне мониторинг жүргізу және бюджет қаражатының жұмсалу тиімділігін бақылау арқылы орындалады.

Бюджет қаражатын үнемдеу мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен сатып алу нарығының ашықтығы мен қолжетімділігін арттыратын «Біріңғай сатып алу терезесі» веб-порталына үнемі мониторинг жүргізілуде.

Мысалы, мониторинг нәтижесінде жыл басынан бері  1,4 млрд теңгеден астам қаражат үнемделді.

Іс-шара барысында өңірлік Антикор кызметкері М.Искаков аталған  базаға мониторинг жүргізу бойынша практикалық оқыту жүргізді.

Семинар соңында волонтерлар тарапынан туындаған сұрақтарға жауап берілді.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған