Бүгінде тұрғын үймен қамту да, тұрғын үйге қол жеткізу де өзекті мәселелердің бірі болуда. Арнайы бағдарламалар қолданыста болса да, көпшілік тарапынан оның тиімділігі жөнінде сауалдар жоқ емес. Кейбірі әрине, бүгінде қоныс тойларын тойлап армандаған тұрғын үйлеріне қол жеткізуде. Жалпы, қашан да қоғамда құнын жоймайтын үймен қамту мәселесі турасында және «Отбасы банкіне» тиесілі соңғы жаңалықтар аясында жауабын алуы тиіс сауалдар аз емес. Осы орайда, «Отбасы банк» Қызылорда филиалының басшылығымен тілдестік.

– «Отбасы банк» арқылы үй алушылардың немесе салымшылардың қатары қаншалықты артты?Ай сайын жаңадан қанша салымшы тіркелуде?

– Жыл басынан бүгінге дейін ашылған депозит саны – 11268-ді құрайды. Салымшылар саны – 85998. Жалпы, ай сайын бұл көрсеткіш әрқалай артады. Мәселен, осы қараша айында 900 депозит ашылған. Бұл облысқа тиесілі өз алдына жақсы көрсеткіш екенін айта кеткен жөн болар.

– Демек, заман талабына сай жаңашылдықты түсініп, оңтайлы әдіске негізделген нұсқаларды халықтың игерулері артып келеді дейсіз ғой?

 – Әрине! Халық тарапынан қажеттілік – олардың тұрғын үймен қамтылуы ғой. Сондықтан да бүгінгі таңдағы тиімді жолдарын қарастырып, әркім өз жағдайларына орай банк тарапынан ұсынылған бағдарламалар мен қызмет түрлеріне жүгініп келеді. Бұл қуантарлық жағдай.

– Жалпы, халықтың қаржылық сауаты қай деңгейде деп айта аласыз?

– Өткен шақпен салыстырмалы түрде қарастыратын болсақ, алға жылжу бар. Мысалы, халықтың басым көпшілігі банктің қызмет түрлерін қазір үйде отырып онлайн негізде жүзеге асыруға үйреністі. Банк бөлімшесіне келіп кезек күтіп отырмайды, мобильді қосымшалар арқылы жұмыстарын реттей беретін деңгейге жетті. Әйткенмен, әттеген-ай дейтін де тұсы жоқ емес.Қазір интернет алаяқтарының, мошениктердің құрығына ілінетіндер де бар. Өзін банк қызметкері ретінде таныстырып, жеке мәліметтерді сұрастыру арқылы есеп шотындағы ақшаны жымқырып алатын жағдайлар көп кездесуде. Осы орайда, халыққа кез-келген хабарласушыға картадағы сандарды немесе өзге де өзіне ғана тиесілі ақпараттарды таратпауға, әрқашан мұқият болуға шақырамын.

– Тұрғын үйге қол жеткізу үшін банк тарапынан қолайлы және тиімді әдістер деп нені айтар едіңіз?

– Төменгі пайыздық мөлшерлеме мен мемлекеттік бағдарламалардың өзі тұрғындар үшін тиімді әдістер деп айтуға болады.

– Жалпы, қазір банк тарапынан үй алуға негізделген қандай бағдарламалар жүзеге асуда?

– «Өз үйім» бағдарламасы, тұрғын-үй коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың жаңа тұжырымдамасы атауымен жаңа концепция, тек әйелдерге арналған – «Ұмай», пайыздық мөлшерлеме 3,5 пайыздан бастап есептелетін «50/50», үлкен қалалардан жаңа үйлерді алу мүмкіндігін қарастыратын «30/70» бағдарламалары бар. Сондай-ақ, салымшыларға қолайлы әдісті қарастыра отырып, «Арманға жол» және «Автотөлем» жобалары да қолданысқа енгізілді.

Толық нұсқасын «Ақмешіт ақшамы» газетінен оқи аласыздар

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған