Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2022 жылғы 16 маусымда Ұлытауда өткен Ұлттық құрылтайдың бірінші отырысында Республика күні мәртебесін қайтаруды және оны 25 қазанда Ұлттық мереке ретінде атап өтуді ұсынды.

Президент бастамасына Парламент депутаттары қолдау білдіріп, 25 қазан Ұлттық мереке –

Республика күні ретінде айқындалды. Республика күнін мерекелеудің арнайы тұжырымдамасы әзірленді.

Аталған Тұжырымдамаға сәйкес облыстық іс-шаралар жоспары мен оқиғалар қатары әзірленді. Жалпы, облыс көлемінде мереке аясында 1000-ға жуық шаралар ұйымдастырылады (оның ішінде негізгі және кешенді 108 шара).

Тұжырымдамаға сәйкес облыс көлеміндеұйымдастырылатыншар алар негізгі бес бағытты қамтиды.

Бірінші, ресми шаралар. Барлық жергілікті атқарушы органдар мен мекемелерде салтанатты жиындар өткізіліп, елдің дамуына елеулі үлес қосқан азаматтарды марапаттау және көтермелеу жөніндегі іс шаралар кешені (мемлекеттік және ведомстволық наградалармен, алғыс хаттармен, грамоталармен және көтермелеудің өзге де нысандарымен марапаттау рәсімдері) өткізіледі.

Екінші, елдегі қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті насихаттауға арналған шаралар кешені.

Бұл бағытта ғылыми конференциялар, шығармашылық кештер, фестивальдар, форумдар, дөңгелек үстелдер мен танымдық кездесулер, ашық сұқбат алаңдары, тақырыптық лекциялар қамтылған.

Үшінші, мәдени-бұқаралық іс-шаралар. 20 қазаннан бастап өңірдегі барлық орталық алаңдарда, саябақтар мен скверлерде мерекенің бүкіл халықтық атмосферасын қалыптастыруға мүмкіндік беретін жаппай серуендер, жәрмеңкелер, көрмелер, экспозициялар, мерекелік концерттер, отшашулар және басқа да іс-шаралар кешенін өткізу жоспарлануда.

Республика күнінің жаңа ұлттық мереке ретінде қоғамдағы тарихи мәртебесін бекіту мақсатында әлеуметтік желілерде «Қыран елім – Қазақстаным!» патриоттық акциясы бастау алды.

Төртінші, қайырымдылық және қоршаған ортаны қорғауға бағытталған экологиялық акциялар.

Бұл мерекенің әлеуметтік миссияларының бірі – әрбір қазақстандықтың мұқтаж адамдарға өтеусіз көмек көрсетуге жеке қатысу мүмкіндігі бар екенін сезіндіру.

Бесінші, мерекені көрнекі безендіруге және ақпараттық сүйемелдеуге ерекше мән беріледі. Республика күнін визуалды қамтамасыз етудің тұжырымдамасы бекітілді. Тұжырымдамаға сәйкес барлық елдімекендердің орталықтарында, сауда үйлері мен орталық көшелерінде көрнекі ақпарат құралдары ілініп, сыртқы дизайнына ерекше назар аударылады.

 (Облыс әкімінің орынбасары Н.Сақтағановтың облыс әкімдігінің баспасөз орталығындағы хабарламасынан)

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған