Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арналған дәстүрлі » Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты жолдауы алдағы күннің жоспарын айқындап берді. Халқымыздың жалпыұлттық референдумда саяси жаңғыру бағдарын айта келе, Конституциялық реформа Жаңа, Әділетті Қазақстанды құру жолындағы аса маңызды қадам екенін айтып өтті. Еліміздегі саяси жаңғыру енді экономикалық өзгерістерге ұласуға тиіс екенін ескере келе, мынандай нақты бағдарлардың жүзеге асырылуын тапсырды.

— ЖАҢА ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТ

— НАҚТЫ СЕКТОРДЫ ДАМЫТУ

— ЕЛ БОЛАШАҒЫНА АРНАЛҒАН СТРАТЕГИЯЛЫҚ ИНВЕСТИЦИЯ

—МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ІСІН ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТУ

—ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП.

Мемлекет басшысы осы бастамалардың Қазақстанның болашағын айқындайтындығын нақты жеткізе келе, алдағы жолдың қиындығына қарамай ауқымды саяси өзгерістерді ашықтық, әділдік және өзара сенім арқылы жүзеге асыруымыздың маңызылығына тоқталды. Ағымдағы Жолдау мемлекетіміздың экономикасын өрлеуі және халқымыздың әлеуметтік жағдайын жақсаруына қызмет ететіне кәміл сенеміз!!!

Президент Жолдауын жалпы еліміздің өркендеуі жолындағы ауқымды сын-тегеуріндерді еңсерудің мүмкіндігі және жолы деп білемін.

Осы сындарлы сәтте ел болып, ел президентінің бастамасын қолдап, халықтың жарқын болашағы үшін бірге еңбек етуге шақырамын!

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының Қызылорда облысы бойынша филиалының профессоры, заң ғылымдарының кандидаты Мадалиева Ақзада Алайдарқызы!

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған