Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 мемлекеттік мекемесінде психологтар арасында «Суицидке жол жоқ» тақырыбында семинар тренинг өткізілді. Бұл тренингке №37,60 мекемесінің психологтары мен Қылмыстық жазасын өтеген адамдарды әлеуметтік бейімдеу мен оңалту орталығының инспектор психологы және №68 мемлекеттік мекемесінің АКАӘПТЖБ-нің бөлім басшысы мен психолог мамандары қатысты.

          Семинарда «Ішкі істер органдары қызметкерлерінің арасындағы суицидтік мінез-құлықтың алдын алу» тақырыбында мекеме психологы баяндама оқыды. «Суицид» латын тілінен алынған «Өзін-өзі өлтіру, өзіне қол салу» деген мағынаны білдіреді. Бұл әрекет көп жағдайда есі дұрыс адамның мінез-құлқының бұзылу формасының ең шегі болып табылады. Осындай мәселенің біздің елімізде де проблемалық мәселе болып тұрғанын сөзге тиек етті.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған