Бүгін Қызылорда облыстық сотында «Қылмыстық құқық және процесс», «Әкімшілік құқық бұзушылық және процесс» секциялары бойынша семинар сабағы өткізілді.

Семинарға қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Ж.Бекжанов, облыстық соттың судьялары, аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары мен судьялары қатысты.

Алқа төрағасы Ж.Бекжанов семинарды ашып, қатысушыларды күн тәртібімен таныстырып, көтеріліп отырған мәселелердің өзектілігіне тоқталды.

Семинарда Қызылорда қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының судьясы Г.Искакова әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар аясында баяндама жасап, заң нормаларына енгізілген өзгерістердің маңыздылығын атап өтті.

Қызылорда қалалық #2 сотының судьясы Т.Темірбаев әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша кейбір заңнамаларға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар

бойынша негізгі мәселелерге тоқталып, әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету әрқашан басты назарда екенін атап өтті.

Жаңақорған аудандық сотының судьясы Э.Рыскулов бөтеннің мүлкін заңсыз иемденуге қатысты істердің сот тәжірибесіне, Сырдария аудандық сотының судьясы Д.Ералиев мал ұрлығы жөніндегі қылмыстық істердің қаралуы бойынша сот тәжірибесіне тоқталып өтті.

Семинар соңында көтерілген тақырыптар аясында қатысушылар өзара пікір алмасты.

Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған