Қызылордада “Жастар Орталығының” ұйымдастыруымен «Жастарға Жұмыс» бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкенің негізгі мақсаты жастар арасындағы жұмыссыздықты жою. Азаматтардың біліктілігіне сәйкес жұмысқа орналасуына ықпал жасау болып табылады. Сонымен қатар студент жастардың бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру, оларды еңбекке баулу арқылы маусымдық жұмыстарға тарту болып табылады.

Биылғы оқу жылында облыс көлемінде техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің өзінен барлығы 5624 жас маман атануда. Жәрмеңкеде аталмыш жастардың жұмысқа орналасуы, мемлекеттік бағдарламалар арқылы алғашқы тәжірибелерін жинақтау үшін «Жастар практикасы», «Қоғамдық жұмыс» секілді бағдарламалар туралы да ақпараттар ұсынылды.

Жәрмеңке аясында 20-дан астам мекемелер мен кәсіпорындардан 150 бос жұмыс орындарына сұраныс бойынша қабылдау жүргізілді.

Нәтижесінде жалпы келгендер 192 азамат, оның ішінде кеңес алушылар 52, сұхбатттасуға жолдама алғандар 27, тікелей жұмысқа орналасуға 18, маусымдық жұмысқа 7 азамат жолдама алды.

Көпшіліктің сұранысына сәйкес жәрмеңке жалғасатын болады.

Қатыса алмай қалған азаматтардың алдағы жәрмеңкелерде мүмкіндігі бар.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған