Қазалы аудандық сотында Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 127-бабы 3-бөлігімен азаматша М.-ға қатысты іс қаралды.
Анықталғандай, азаматша М-ның тәрбиесіндегі кәмелетке толмаған ұлы жүргізуші куәлігі жоқ бола тұра, автокөлік басқарып, әкімшілік құқық бұзушылық әрекетін жасаған.
Осылайша, азаматша М. кәмелетке толмаған баласының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, күтіп-бағу жөніндегі шараларды орындамаған.
Азаматша М. сотқа берген түсінігінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен келісетінін, енді қайталанбайтынын көрсетті.
Сот қаулысымен азаматша М.-ге 60 550 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.
Қазалы аудандық соты