Қаладағы Сол жағалау тұрғын ауданы 36 үйдің тұрғыны Бейсов Сұлтанбек Оразбекұлы көктем шыға салысымен көп қабатты үй ауласын көгалдандыруды бастап үй айналасын әсем етіп қояды.

Әсілінде, қазақтың «Атадан мал қалғанша, тал қалсын» деген ұлағатты сөзінің маңызын тұрғындар аулада өсіп тұрған, сән беріп тұрған жасыл желекті көріп ұғынғандай. Сұлтанбектің еккен әрбір талы тұрғындарға сая болып, гүлдері тұрғын үй кешеніне көрік беріп тұр. Осында қоныс аударып келгелі жерді өңдеп, ағаш отырғызса да, ол ұзаққа бармай, қурап қала берді. Әрине жер күшінің аздығы, көп қабатты үйлерден күн көзінің аз түсуі кедергісін тигізді. Дегенмен «Қайтсем де осы жерді көктетемін» деп өзіне серт берген Сұлтанбек бауырымыз құнарлы жақтан жердің қыртысын әкеліп төгіп, оған көң тастап, тыңайтқыш сеуіп жандандырыпты. Міне, жайқалған бақ соның дәлелі. Сұлтанбек ауланы көгалдандырып қана қоймай, бірлігі жарасқан тұрғындарды ұйымдастыра отырып, көпқабатты үйдің ауласын тазартуда да белсенді. – Сыйластығы сыр бермеген 36 үй тұрғындарының ауызбірлігі нығая түссін, – дейді «Үздік аула-2023” байқауының қатысушысы 36 үй тұрғыны Бейсов Сұлтанбек Оразбекұлы

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған