5547 әскери бөлімінде подполковник Юсипов Ербол Копжаналиұлын құрметпен зейнетке шығарылды Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 5547 әскери бөлімінде өнегелі өмір жолын Отанға қызмет етуге арнап, әскери борышын соңына дейін мүлтіксіз атқарған 2-ші жедел мақсаттағы батальон командирі, подполковник Юсипов Ербол Копжаналиұлын құрметті зейнет демалысына шығарып салу салтанаты өтті.
Ербол Кепжаналиұлы өзінің әскери қызмет жолын арнаулы жоғары әскери оқу орнын тәмамдаған соң офицерлік құрамның алғашқы лауазымдарынан бастаған болатын. Қызмет жылдарында Ұлттық ұланның түрлі әскери бөлімдерінде жауапты міндеттерді атқарып, взвод командирінен батальон командиріне дейінгі абыройлы да өнегелі жолды жүріп өтті. Лауазымдар бойынша сатылай көтеріле отырып, әскери ұжымдарды басқаруда жоғары кәсібилігін, темірдей тәртібін және ұйымдастырушылық қабілетін көрсете білді.
Салтанатты жиынға әскери бөлім командирі, подполковник Беркенов Жасулан Нұрланұлы, бөлімнің жеке құрамы, мерейтой иесінің отбасы қатысты.
Бөлім командирі әскери қызметті толық әрі мінсіз атқарып шыққанын ерекше атап өтті. Салтанатты шарада дәстүрге сай мерейтой иесіне, зейнет демалысына құрметпен шығарылды. Сондай-ақ, офицердің ошағының ұйытқысы – жан жары Арайлым Үсіпбекқызына да ерекше құрмет көрсетіліп, гүл шоқтары табыс етілді.
Әскери борышын соңына дейін адал атқарған подполковник Юсипов Ербол Копжаналиұлын еңбек жолы – сапта тұрған жас офицерлер мен сарбаздар үшін Отанға шексіз берілгендіктің, әскери намыс пен патриотизмнің айқын үлгісі болды.