Қызылорда білім басқармасы тарапынан педагог мәртебесін жоғарылату, шығармашыл мұғалімдерді әдістемелік қолдау бойынша нақты шаралар атқарылуда.

Жыл сайын өткізілетін «Үздік педагог» республикалық конкурсынан 2023 жылы 5 педагог жеңімпаз атанды. Әрқайсысы 3 млн. теңге көлемінде грант иеленді, Қызылорда облысы республикада алғашқылардың қатарында 2022 жылы 4 педагог грант жеңімпазы болды.

Осы ретте, 2018-2023 жылдарғы соңғы бесжылдықта Қазалы, Сырдария, Шиелі, Жаңақорған аудандарынан Республикалық «Үздік педагог» конкурсының жеңімпаздары шықпаған.

Қызылорда қаласынан – 8, Қармақшы ауданынан – 2, Жалағаш ауданынан – 2, Арал ауданынан – 1 жеңімпазды қанағат етіп келеміз. Ал, облыстық деңгейдегі «Үздік педагог» сыйақысын 2023 жылы 5 педагог иеленді. Бір реттік сыйақы көлемі – 1 млн. 35 мың теңге. Шиелі ауданының мектептерінен бірде-бір жеңімпаз шықпаған. Арал, Сырдария, Жаңақорған аудандарынан 1 педагогтен ғана шыққан, 2020-2023 жылдары бір реттік сыйақы 31 педагогке берілген. 2023 жылы 40-тан астам облыстық кәсіби байқаулар өткізіліп, республикалық кезеңде 48 педагог жеңімпаз атанды. Жаңақорған ауданынынан облыстық және республикалық кезеңде жеңімпаздар шықпаған.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған