Қызылорда білім саласындағы педагогтардың апталық жүктемесіне жасалған талдаумен жарты ставкіге де жетпейтін, яғни 1-8 сағат аралығындағы жүктеме 1 314 педагогта қалыптасқан.

Шиелі ауданындағы 3 056 педагогтың 9,9 %-ы, Қазалыдағы 2 533 педагогтың 7,6 %-ы, Сырдариядағы 1 316 педагогтың 107-і толық жүктемесіз жұмыс жасауда.

Шиелі ауданындағы №206 мектепте барлығы 45 педагог бар болса, соның 21-і, яғни 47 %-ның жүктемесі 8 сағатқа дейін. Қазалы ауданының №24 мектебінде барлығы 78 педагог болса, соның 14-нің 18 %-ының жүктемесі 8 сағатқа дейін; Сырдария ауданындағы №37 мектепте барлығы 135 педагог бар болса, соның 30-ның (19 %-ның жүктемесі 8 сағатқа жетпейді.

Қызылорда облыстық білім басқармасының басшысы А.Есжанов  алдағы уақытта, педагогтардың жүктемесін толықтыру бағытында жұмыс жасайтын боламыз дейді. Оның айтуынша қазіргі таңда, Шиелі ауданынан бастап педагог кадрларға қатысты толық мониторинг жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыстар барлық қала, ауданда жалғасады. Талдаулар қорытындысымен нақты шешімдер қабылданатын болады.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған