Ашуды жеңудің ең тиімді жолдары – ақылға салу, сабыр сақтау, ұстамды болу. Ақылды, кішіпейіл, әділ, батыл, қайырымды, мейірімді адам ашулана қоймайды. Ашуын ақылға жеңдіреді. Сондықтан да  белгілі жазушы  Мұхтар Әуезов: «Ақыл – адам көрігі, ақылдың сабыр серігі», —  деп өте орынды айтқан.

Адам пенде болғаннан соң көптеген өмірінде келеңсіздіктерге бой алдырады. Соның бірі, адамдар арасындағы жағымды қарым – қатынасқа, өкпе – реніш нұқсан келтіріп, өзара түсінбеушілік туғызады. Сол себепті өкпе, ренішке бой алдырмай адамдарға түсіністікпен, ізгілікпен, құрметпен қарау керек. Өкпе, реніш адамның көңіл – күйіне, денсаулығына кері әсерін тигізеді. Айналаңа ылғи өкпелеп, ренішпен қарау, риза болмау, түрлі ауруларға шалдықтырады.

Кемшіліксіз адам болмайды. Білмегендіктен қателесу болады. Қателесу – кінәлі болу. Кінәсін мойындау әркімнің қолынан келе бермейді. Ал қатесін түсініп түзеу – ақылдылықтың, қайраттылықтың белгісі.

Іс – әрекеттің байыбына бара алатын, ұстамды, сабырлы, ақылды, жақсы мен жаманның арасын айра алатын, әрі іске дұрыс бағасын бере алатын адамды ақылды адам дейді.

Бүгінде екінің бірі ашушаң, ауыр сөз көтере алмайтын хәлге жеткен. Қит етсе, «жүйкемді тоздырма», «ашуыма тимеші» деп бір-бірін жағасынан алуға құмар. Бұл тіпті бесіктен белі шықпаған балаларға тән ауруға айналды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының болжамынша, 2030 жылға қарай депрессия зардабын тартатындар саны екі есе өсіп, 40 процентке жетеді екен. Ал кейбір сарапшылар психикалық ауытқулардың адамзат қасіретіне айналуы мүмкін екенін де жоққа шығармайды. Жалпы, күйзелісті адам психикасының бұзылуы деп алуға болады. Біз мән беріп қарамауымыз мүмкін, бірақ бұл қауіпті аурулардың қатарына жатады. Өйткені адамның жүйке жүйесінің әлсіреуімен ойнауға болмайды. Ол адамның кейде өзін жазықты сезінуімен, себепсіз қорқуынан, жа¬ғымсыз көңіл күйден білінеді. Сол сияқты керісінше әлденеден қанағат алу қабілетінен айырылуына, ерекше оқиғаларға селт етпеуі, не қайғарып, не қуанып, эмоциясын білдірмеуінен де білінеді. Мамандар бұл дертке адам себепсіз ұшырауы мүмкін екенін айтады.

Сымбат Ерболат

Қорқыт ата Университетінің 3 курс студенті

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған