Өздеріңізге мәлім, қазіргі таңда сән әлемі әрқашан адамдарға зор әсерін тигізеді. Ең соңғы сән үрдістерін ұстануға тырысудың басты себебі – стильді, тартымды, танымал және сенімді болуға ұмтылу. Әдетте, адамдар жаңа адамға сыртқы келбеті мен киімдері арқылы бағалайды, содан кейін ғана оның ішкі қасиеттері бойынша. «Жақсы киім барлық есіктерді ашады» деген мақал бар. Сондықтан біз басқа адамдарға жағымды әсер ету үшін бар күшімізді салып жатырмыз. Сәнге қол жеткізу және дизайнерлік киімді сатып алу үшін біз көп ақша жұмсаймыз.

Жалпылама  айтатын болсақ киім ұғымы адамдардың уақытқа және қоғамдық жағдайларға сәйкес сұлулық туралы белгілі бір ұғымын бейнелейтін сәнмен тығыз байланыста болады. Адамзат қоғамы дамыған сайын бұл көзқарастар өзгереді, яғни үнемі жаңарып отырады. Киімді әркім өз бетінше таңдайды, таңдау барысында адам жеке талғамы мен сән ағымына сүйенеді. Жақсы киіне білу де өнер. Киім таңдаудағы жақсы талғамды білдіретін кең тараған анықтамалардың бірі әдемілік, сәнділік. Сәнділік ұғымы ең алдымен киім түсімен сәніне қарай дұрыс құрай білуге тікелей байланысты,киімге деген талғампаздық адамның өзіне сынкөзбен қарай алатынының белгісі болып табылады. Қысқаша айтқанда, сән, мода әрдайым өзгеріс үстінде болғандықтан оны қуып жету мүмкін емес, сондықтан адам өзіне қонымды, жарасатын киім үлгісін таңдап сән ағымымен ұштастыра білсе, ешқашан ұтылмайды деп ойлаймын.

Ал киім қазіргі өмірдің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Адамдар киімсіз қалай өмір сүре алатынын елестету қиын. Қазіргі заманғы сән – суықтан қорғануға немесе әдемі болып көрінуге арналған зат ғана емес. Киім – бұл ең алдымен адамның ішкі дүниесінің көрінісі, өзін-өзі бағалауды көтерудің амалы және қоғамда алатын орнының белгісі. Сән сөзін естіген кезде, көзімізге стильді және сәтті адамды елестетеміз. Бұл үлкен бизнес. Күн сайын біз жарқыраған дүкен терезелерінің жанынан өтеміз. Автобустарда, теледидарда және газеттердегі жарнамаларды көреміз. Сондықтан, біз атақты брендтердің киімін киіуге тырысамыз. Көптеген жасөспірімдер, достары мен таныстарының сыртқы келбетіне тым көп назар аударады. Өкінішке орай, егер ата-аналары балаларына сәнді киімдерді сатып бере алмаса, олар жолдастарының қасында өздерін төмен сезінеді. Осылайша, киім адамдарды әлеуметтік топтарға бөледі. Менің ойымша, әр адамның өзіндік стилі және ерекше көрінісі болады. Ол киімді өзінің талғамына, жасына, жұмысына, дене бітіміне және мінезіне сәйкес таңдауы керек. Мен сәнге көп мән бермейтінімді қуана хабарлаймын. Басқа адамдар не киіп жүргеніне қарамаймын. Ең бастысы – киімім дәл және сұлу болғаны жеткілікті. Қыздардың ашық киімдерді киюіне қарсымын. Сондай-ақ, жарқын макияж жасауды ұнататын, шашын және тырнақтарын әртүрлі түстерге жиі бояйтын адамдарды қолдамаймын. Бұл ақшаны далаға лақтырғанмен бірдей.

Ерболат Сымбат

Қорқыт ата Университетінің 3 курс студенті

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған