▪️«SOTpost» айдарында облыс соттарының судьялары мен сот қызметкерлерінің қызметіне ризашылық білдірген азаматтардың алғыс хаттары тұрақты түрде жарияланып келеді.
 
▪️Бұл жолы Шиелі аудандық сотының судьясы Ж.Сарбасованың атына екі бірдей алғыс хат келіп түсті. Алғыс білдірушілер судьяның азаматтық істерді қарау барысында танытқан кәсібилігіне, жауапкершілігі мен әділдігіне ризашылықтарын жеткізген.
 
▪️Атап айтқанда, Шиелі ауданының тұрғыны Ы.Төлеуов өзінің алғыс хатында судья Ж.Сарбасова азаматтық істі қарау барысында іс құжаттарын мұқият зерделеп, істі обьективті әрі жан-жақты қарап, жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату шарттарын жарамсыз деп танып, әділ шешім шығарғаны үшін алғысын білдірген.
 
▪️Сонымен қатар, Түркістан-Қызылорда облыстары бойынша өңіраралық Заң консультанттар палатасының мүшесі Ж.Абсат судья Ж.Сарбасованың азаматтық іс бойынша өзінің сенім білдірушісін бұрынғы қызметіне қайта орналастырып, лажсыз бос жүрген уақытына жалақысын өндіру туралы шешім шығарғанын көрсетіп, судьяның қызметіне алғысын білдіріп, игі тілегін жеткізген.

Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған