Қазалы ауданы әкімі Алмасбек Есмахановтың төрағалығымен аудан бюджетінің кіріс бөлігін ұлғайту және салық базасын кеңейту мәселелері бойынша мәжіліс өтті.

Мәжілісте ауданның мемлекеттік кірістер басқармасының есебі тыңдалып, салық түсімдерін арттыру, коммерциялық нысандарды қайта бағалау, салықтық берешектерді өндіру және салық төлеушілердің міндеттемелерін толық орындауын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар қаралды.

2026 жылға ауданның кірістер жоспары 4 млрд. 269,4 млн. теңге көлемінде бекітілген. Жыл соңына дейін қосымша түсімдер есебінен бұл көрсеткішті 4 млрд. 367,8 млн. теңгеге жеткізу көзделіп отыр. Тоғыз айдың қорытындысы бойынша бюджетке 3 млрд. 103,3 млн. теңге түсім түскен.

Аудан әкімі салық базасын кеңейту бағытындағы жұмыстарды жандандыруды, қайта бағалауға жататын коммерциялық нысандар бойынша тиісті шараларды жедел­детуді және көлік салығы мен өзге де салықтық берешектерді өндіру жұмыстарын күшейтуді тапсырды.

Сонымен қатар жеке мектепке дейінгі ұйымдардың салықтық міндеттемелерді уақытылы әрі толық орындауы, инженерлік-ком­муналдық мекемелерге қарасты мүліктерді теңгерімге алу және «Туған жерге тағзым» акциясы ая­сында қосымша түсім көздерін қарас­тыру мәселелеріне назар аударылды.

Жұмысшы топтардың қызметін үйлестіру, IV деңгейлі бюджеттердің кіріс жоспарын орындау және ауылдық округтердегі салық түсімдерін арттыру бағытында нақты тапсырмалар берілді.

Аудан әкімі жауапты сала бас­­шы­лары мен ауылдық округ әкімдеріне жыл соңына дейін бекітіл­ген жоспар­лардың толық орын­далуын қамта­масыз етуді, бюд­жетке қосымша түсім түсіру мүмкін­діктерін тиімді пай­далануды және тапсырмалардың орындалуын күнде­лікті бақылауда ұстауды міндеттеді.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған