Арал ауданында сауда инфрақұрылымы кеңейіп, тұрғындарға қызмет көрсететін жаңа нысандардың қатары артып келеді. Атап айтқанда ауданда «Сымбат-2» және «Шах» сауда үйлері іске қосылып, халық игілігіне қызмет көрсете бастады.
Жаңа сауда орындарында күнделікті тұрмысқа қажетті азық-түлік пен түрлі тұтыну тауарлары ұсынылған. Бұл тұрғындардың қажетті тауарларға қолжетімділігін арттырып, сауда жасауға қолайлы жағдай қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Сауда нысандарының ашылуы – ауданның кәсіпкерлік саласындағы оң өзгерістердің көрінісі. Сонымен қатар, жаңа нысандар жергілікті экономиканың дамуына, халықты жұмыспен қамтуға және тұрғындарға көрсетілетін қызмет сапасын арттыруға ықпал етеді.
Осылайша ауданда сауда саласын дамыту бағытындағы жұмыстар жалғасын тауып, кәсіпкерлік бастамаларға жол ашылуда.