Қызылорда облысы әкімі Мұрат Ергешбаев Шиелі ауданына жұмыс сапары кезінде Бәйгеқұм және Еңбекші ауылдарының тұрғындарымен кездесті.

Онда елді мекендердің инфрақұрылымын, ауыл шаруа­шылығы және кәсіпкерлік салаларын дамыту, халықтың тұрмыс сапасын арттыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар талқыланды.

Ауылдық округтерде көшелерге асфальт төселген, аяқсумен қамтылған және жарықтандырылған. Тұрғындар мал ұстайды, кәсіпкерлікпен айналысады.

Кездесуде айтылған ұсыныс-пікірлер бойынша жауапты сала басшыларына тиісті тапсырмалар берілді.

Аймақ басшысы Бәйгеқұм ауылындағы учаскелік полицияның жаңа пунктінің жұмысымен танысты. Нысанды демеушілік қаражат есебінен 22 млн. теңгеге «Сәт-Сервис» серіктестігі салып, қыркүйек айында пайдалануға берілген.

Бұл ауылда 2330 тұрғын бар. Учаскелік полиция пунктінің ашылуы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, құқықбұзушылықтың алдын алуға және полиция қызметкерлерінің халықпен тікелей байланысын нығайтуға мүмкіндік береді.

Одан кейін облыс әкімі «Гежуба Шиелі Цемент» серік­тестігінің қаржыландыруы есебінен 1,2 млрд. теңгеге салынып жатқан 4,3 шақырым «Самара-Шымкент-Еңбек­ші» автомобиль жолының құрылысын көрді. Бас мердігер «Орда АвтоДор» ЖШС қолға алған құрылысты авторлық қадағалауға «Димаш-Сервис», техникалық қадағалауға «Опора Строя» серіктестіктері жауапты. Қайта жаңғыртудан өткен жол Еңбекші ауылы тұрғындарының көлік қатынасын жайлы етеді.

Шиелі кентіндегі жол жөндеу жұмыс­тары, мамандандырылған балалар-жасөсіпірімдер мектебі де назардан тыс қалмады. Биыл Қожа Ахмет Яссауи, Бәкіров және Есабыз көшелерін, сондай-ақ Байтұрсынов көшесінен канал көпіріне дейінгі автомобиль жолдарын қайта жаңғыртуға облыстық бюджеттен 544,6 млн. теңге, аудандық бюджеттен 350 млн. теңге бөлінді. Қазір құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде.

№9 Шиелі аудандық олимпиадалық резервтің мамандандырылған бала­лар-жасөспірімдер мектебі күрделі жөн­деуден өткен. Жалпы 249,9 млн. теңге бөлінген жөндеу жұмыстарының нәти­жесінде мек­теп ғимараты жаңартылып, спортшылар мен жаттықтырушылар үшін қолайлы жағдай жасалды.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған