Қармақшыда қоғамның түрлі саласында еңбек етіп жүрген азаматтар сайлау учаскелеріне келіп, өз таңдауын жасады.
Олардың қатарында білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік, өндіріс, мемлекеттік және әлеуметтік сала өкілдері бар. Әрқайсысы өз кәсібінде ел мен өңірдің дамуына үлес қосып жүрген азаматтар ретінде қоғамдық маңызы бар күннен тыс қалмады.
Олардың арасында тәжірибелі мамандармен қатар, жас қызметкерлер мен еңбек жолын енді бастап келе жатқан азаматтар да болды.
Мұғалім үшін білімді ұрпақ тәрбиелеу, дәрігер үшін адам денсаулығын қорғау, диқан үшін ел ырысын еселеу, кәсіпкер үшін жаңа жұмыс орындарын ашу, спортшы үшін ел намысын қорғау маңызды. Ал осы салалардың барлығын біріктіретін ортақ құндылық туған елдің болашағына деген жауапкершілік.
Сайлауға белсенді қатысқан түрлі сала өкілдері өздерінің азаматтық позициясын көрсетіп, кейінгі ұрпаққа да үлгі болды.