Облыстық перинаталды орталықтың дәрігер-неонатологы, неонатальды блок меңгерушісі, «Болашақ» халықаралық бағдарламасының стипендиаты Дауренбаева Лаура Асқарқызы қазіргі уақытта АҚШ-тағы Virginia Commonwealth University университетінде бір жылдық тағылымдамадан өтуде. Шетелде жүргеніне қарамастан, ол елімізде өтіп жатқан маңызды саяси науқанға қатысып, өз таңдауын жасады.

Лаура Асқарқызының айтуынша, қай елде жүрсе де, әрбір азамат үшін Қазақстанның болашағы маңызды.

— Шетелде оқып жатқанымызға қарамастан, елімізде өтіп жатқан маңызды саяси науқанға бейжай қарай алмадық. Бүгін, 23 тамыздағы Қазақстан Республикасы Құрылтайының сайлауына қатысып, өз таңдауымызды жасадық. Еліміздің ертеңіне сенеміз. Құрылтайда көтерілетін бастамалар мемлекетіміздің дамуына жаңа серпін беріп, халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталады деп ойлаймыз. Сондай-ақ бұл қоғамдық келісім мен тұрақтылықты нығайтуға қызмет етеді, – деді ол.

Білікті маман ел өміріндегі маңызды шешімдерден сырт қалмау әр азаматтың жауапкершілігі екенін атап өтті.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған