Бүгін – Құрылтай сайлауы өткізілуде. Науқан кезінде Қызылорда өңірінде 386 учаске жұмыс жасайды. Дауыс беру күніне дейін өзге өңірден келген немесе басқа да себептермен өз учаскесінен тыс жерде дауыс беруге ниет білдірген азаматтар учаскелерден есептен шығару куәліктерін алды.Аймақта осы кезге дейін 320 азамат есептен шығару куәлігін алуға өтініш жазды. Оның 189-ы Қызылорда қаласынан, 131-і аудандардан алған.

– Дауыс беру күні 116 азамат есептен шығару куәлігін ұсыну арқылы таңдау жасады. Бұл сандық деректер өзгеруі мүмкін, себебі 20.00-ге дейін есептен шығару куәліктері бар азаматтар Қазақстан аумағындағы кез келген учаскеде дауыс бере алады,-деді Қызылорда облысының аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Әділбек Ерсұлтанов.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған