Бүгін еліміз үшін маңызды саяси науқан Құрылтай сайлауына Қазалы ауданының құрметті азаматы, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, еңбек ардагері Алдажарова Ажаркүл Сейділдақызы да белсенді қатысып, өз таңдауын жасады.

Қарашеңгел ауылдық округіндегі №83 референдум учаскесіне арнайы отбасымен бірге келген ардақты ана ел болашағына бейжай қарамай, азаматтық парызын орындады. Еңбек жолында талай белесті бағындырып, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына өзіндік үлесін қосқан ардагер сайлаудың әрбір азамат үшін үлкен жауапкершілік екенін атап өтті.

– Бүгінгі таңда ел болып маңызды шешімге атсалысып жатырмыз. Құрылтай сайлауы халықтың өз пікірін білдіріп, елдің ертеңіне деген көзқарасын танытатын маңызды қадам. Мен де отбасыма ертіп, өз таңдауымды жасауға келдім. Жастарымыздың болашағы жарқын, еліміздің іргесі берік болсын. Елдің бірлігі мен ынтымағы артып, ұрпағымыз бейбіт те берекелі заманда өмір сүрсін. Әр азамат өз таңдауына жауапкершілікпен қарап, ел болашағына үлесін қосуы керек, – деді Ажаркүл Сейділдақызы.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған