Бүгін Байқоңыр қаласындағы №122 сайлау учаскесінде Аманжоловтар отбасы Құрылтай сайлауында өз таңдауын жасады.Сегіз бала тәрбиелеп отырған көпбалалы отбасы сайлау учаскесіне бірге келіп, дауыс беруге қатысты. Отбасы мүшелері ел үшін маңызды саяси науқанда азаматтық белсенділік танытып, өздерінің конституциялық құқықтарын пайдаланды.Аманжоловтар әулеті үшін сайлауға отбасымен бірге қатысу – өскелең ұрпаққа азаматтық жауапкершіліктің үлгісін көрсетудің бір жолы. Ата-анасымен бірге сайлау учаскесіне келген балалар дауыс беру процесін көріп, маңызды қоғамдық-саяси науқанның куәсі болды.Байқоңырдағы №122 сайлау учаскесінде дауыс беру заңнама талаптарына сәйкес жалғасуда.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған