Байқоңыр қаласындағы №122 сайлау учаскесінде сайлау күні отбасылық сипаттағы ерекше сәттер де орын алды. Бірқатар тұрғындар балаларын ертіп, сайлау учаскесіне бірге келіп, өз таңдауларын жасады.

Балаларымен бірге келген ата-аналар үшін бұл күн тек дауыс берумен шектелмей, өскелең ұрпаққа азаматтық жауапкершіліктің мәнін көрсететін мүмкіндікке айналды. Кішкентай бүлдіршіндер ата-аналарымен бірге сайлау учаскесіне келіп, ел өміріндегі маңызды күннің куәсі болды.

№122 сайлау учаскесіне барлығы 5 отбасы балаларымен бірге келген. Ата-аналардың айтуынша, баланың санасына азаматтық ұстаным мен елге деген жауапкершілікті күнделікті өмірдегі осындай қарапайым әрекеттер арқылы сіңіру маңызды.

Сайлау учаскесіндегі бұл көрініс отбасы құндылығы мен азаматтық белсенділіктің өзара сабақтас екенін көрсетті.

Бүгінгі таңдауды балаларымыздың ертеңі үшін жасаймыз.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған