Сырдария ауданында күріш өсірумен айналысатын еңбек адамдары дауыс беру күні өз азаматтық таңдауын жасауға белсенді қатысты.
Егіс алқабындағы жұмыстан уақыт тауып, бір мезетте сайлау учаскесіне келген күрішшілер дауыс беріп, ел болашағына қатысты өз таңдауын білдірді.
Сырдария өңірінің негізгі тіршілігі мен берекелі кәсібінің бірі – күріш шаруашылығы. Диқан қауымының сайлау процесіне белсенді қатысуы еңбек адамдарының қоғамдық өмірге деген жауапкершілігін көрсетеді.
Күрішшілердің бір мезетте дауыс беруі – ел еңсесін тіктеп, ауыл шаруашылығының дамуына үлес қосып жүрген еңбек адамдарының азаматтық белсенділігінің жарқын көрінісі.