Қасым-Жомарт Тоқаевқа өңірдің қаңтар-сәуір айларындағы негізгі макроэкономикалық көрсеткіштері және алдағы әлеуметтік-экономикалық даму жоспары баяндалды.

Мұрат Ергешбаев:

Аймақта қолайлы инвестициялық климат қалыптасып, экономиканы әртараптандыруда алдағы үш жылға 1 триллион 900 миллиард теңгенің 48 инвестициялық жобасын іске асыру жоспарланғанын айтты.

✔️Биыл 1 триллион теңгеге 14 ірі жобаның құрылысы басталады.

✔️Президенттің Ұлттық құрылтай отырысында берген тапсырмасына сәйкес, Қызылорда қаласында 300 орындық көпбейінді аурухана, 500 орындық емхана, 200 орындық перинаталдық орталық, жаңа драма театры мен заманауи кітапхананың құрылыстары жүргізіліп жатыр.

✔️Қызылорда – Ақтөбе автожолын кеңейту жобасының бірінші кезеңі басталды.

✔️Бейнеу – Сексеуіл тас жолының құрылысы жақында қолға алынбақ.

✔️Жыл соңына дейін 10 елді мекен газдандырылып, халықтың 85 пайызы көгілдір отынның игілігін көреді.

✔️Үй кезегіндегі азаматтарды баспанамен қамту мақсатында биыл 2 400 пәтер беру жоспарланған.

✔️Облыстағы 138 шақырым автомобиль жолдары, көшелер мен көпір өткелдерін жөндеуден өткізу, жолдардың 95,5 пайызын жақсарту көзделген.

Мемлекет басшысы:

Облыс әкіміне экономиканы әртараптандыру, инвестиция тарту, экологиялық ахуалды ілгерілету және ауыл шаруашылығына су үнемдеу технологияларын енгізу жұмыстарын жалғастыру бойынша бірқатар тапсырма берді.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған