Солтүстік Аралдың жанданып жатқаны өте жақсы жаңалық. Арал теңізінің қайта толуы – Қазақстан мен Орталық Азия үшін экологиялық және экономикалық маңызы зор оқиға. Мәселен, Су ресурстары және ирригация министрлігінің мәліметінше 2024 жылдың қазанынан 2025 жылдың қаңтарына дейін Солтүстік Арал теңізіне 1 миллиард текше метр су жіберіліпті.
Судың көптеп келуі тек теңіз көлемін арттырып қана қоймай, аймақтың климатына оң әсер етіп, тұрғындар үшін үлкен көмек. Өйткені, жергілікті халықтың балық шаруашылығы күнкөріс көзіне айналған. Мәліметтерге қарап отырсам, бүгінде теңізде балықтың 22 түрлі кездеседі екен. Бұл дегеніміз, жергілікті тұрғындар үшін жаңа жұмыс орындарының көбеюіне мол мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде аймақ экономикасының жандануына ықпал етеді.
![](http://qaa.kz/wp-content/uploads/2025/02/477211970_9095868093863733_5999945124702526743_n-819x1024.jpg)
Аралда су көбейсе, көгалдандыру жұмыстарының да жанданатыны анық. Бұл бойынша біраз игі істер қолға алынып жатыр екен. Бұл, аймақтың климатын жақсартып, экожүйенің тұрақтануына көмектеседі