Арал аудандық сотында талап қоюшы «M» серіктестігінің жауапкер Г.-ден несие қарызын өндіруді сұраған азаматтық ісі медиация тәртібімен реттелді.

Іс құжаттарына сәйкес, жауапкер талап қоюшыдан 170 000 теңге несие қарызын алған. Жауапкер қарызын қайтару жөніндегі борышын уақытылы орындамау себепті қарыз ақшасына сыйақы мен өсімпұл қосылып, жалпы берешек қарызы 263 350 теңгеге жеткен. Осыған орай, талап қоюшы соттан қарыз ақшасын өндіріп беруді сұраған.

Судья-медиатор тараптармен әңгімелесу барысында, оларды бітімге шақырып, татуласу рәсімдерінің тиімділігін түсіндірді.

Медиациялық келісімге сәйкес, жауапкер берешек қарызын талап қоюшыға 2024 жылдың шілде айынан бастап ай сайын 21 400 теңгеден төлеп тұруға міндеттенген, ал талап қоюшы келісім талаптарын қабылдап, іс жүргізуді тоқтатуға келісімін берген.

Сот ұйғарымымен дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімі бекітілді. Іс өндірістен тоқтатылды.

Арал аудандық соты

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған