Болашағымыз бала екенін жиі айтамыз. Алайда бала қауіпсіздігін көп реттерде ойлана бермейміз. Өкінішке орай суға ағып кеткен, дәретханаға түсіп кеткен, немесе адасып кеткен балалар туралы жағымсыз ақпараттар, жалпы бала тағдырына немқұрайлылығымыздың салдары.

Жергілікті билік балалар үшін қауіпсіз қала жасауды мақсат етуде. Өйткені Қауіпсіз қала бұл ең біріншіден балалардың қатерсіз өсіп, жетілуін көздейді. Жас жеткіншектердің түрлі төтенше жағдайға тап болып, өмірлеріне қауіп туып жатқан жайттарға арнайы орындарда, ашық қалған кәріз құдықтары мен өзен-су жағалауларындағы апаттарға орай келеңсіз жайларды алдын-алу үшін түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, мониторинг жасалуы биыл да әдеттегідей жалғасып жатыр. Бұл мәселеде басқарма мамандары Қызылорда волонтерларымен бірге аса жауапкершілікпен қызмет етуде. «Балалар қауіпсіздігі» шаралары аясындағы осы бастамалардың өскелең ұрпаққа оң әсерін тигізеріне сеніміміз мол. Сақтықта – қорлық жоқ деп бекер айтылмағанын естен шығармаған да жөн».

Басты назарды балаларға аударуымыздың себебі. Жыл басынан бері балалардың терезеден құлап кету жағдайларының алдын-алу үшін де түсіндірме жұмыстарын жүргізудеміз. Құрметті қала тұрғындары Сіздерден сұрарымыз сәбилер мен балаларды қараусыз қалдырмай, балалармен қауіпсіздік жөнінде профилактикалық әңгіме жүргізуге шақырамыз.

Өзіңізге және жақындарыңызға қорған болыңыздар

 Ғ. БАБАЕВ Қызылорда қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы бастығының міндетін атқарушы азаматтық қорғау майоры

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған