Бүгін Департамент бастамасымен Қоғамдық кеңес жанынан құрылған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссиясының кезекті отырысы өтті.
Іс-шараға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары А.Ашиков, «Әділдік жолы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облыстық филиалының басшысы Л.Бақтыбаева (комиссия төрайымы) , Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Б.Әбдіқадыров, комиссия мүшелері, сонымен қатар облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары, жұмылдыру дайындығы, ветеринария және т.б. басқармаларының басшылығы қатысты.
Отырыста, өңірлік Антикор басшысының бірінші орынбасары А.Ашиков «сейсмикалық қауіпсіздік» және «сібір жарасы қорымдары» салаларына қатысты жүргізілген мониторинг нәтижелері жөнінде баяндама жасады.
Аталған салалар бойынша туындаған мәселелер талқыланып, мониторинг нәтижесімен анықталған кемшіліктерді жою бойынша жергілікті атқарушы органдарға бірқатар ұсынымдар берілді.
Алдағы уақытта Департаментпен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары бойынша қоғамдық кеңес мүшелерімен бірлескен жұмыс жалғасатын болады.