Қызылорда еліміздегі «Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» бағдарламасы аясында Қызылорда облысынан 11 педагог іріктеуден өтті. Атап айтсақ Қызылорда қаласынан 5, Қармақшы ауданынан 2, Жалағаш ауданынан 2, Арал ауданынан 1, Сырдария ауданынан 1 педагог республикалық кадрлық резервке енсе, Қазалы, Шиелі, Жаңақорған аудандары бойынша кадрлық резервке енген педагогтар жоқ.
Осы ретте, Қызылорда қаласы, Абай мектебі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Ерманов Аслан Нурланович биылғы жыл басында Қызылорда қаласындағы №287 орта мектеп директоры бос лауазымына, Арал ауданындағы Сексеуіл кенті «№231 орта мектебі» директорының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Әлимағанбетова Айзада Мұқанбетшарипқызы Арал ауданындағы Сексеуіл кенті «№231 орта мектебі» директоры бос лауазымына күні кеше тағайындалды.
Қалған 9 педагогтің төртеуіне Қызылорда қаласынан қалыптасқан бос орындар жоқ, 5 педагог ұсынылған білім беру басшысы лауазымына тағайындалудан бас тартты.