Апта сайын өткізілетін Үкіметтің кезекті отырысында жүк тасымалын және транзитті дамыту, педагогикалық кадр даярлау тақырыптары талқыланды. Жиында сөз алған облыс әкімі Нұрлыбек Машбекұлы Қызылорда облысының сервистік нысандарды цифрландыру бағытындағы жұмыстары сараланып, нәтижесiнде аймақтың алғашқы үштікте екенін мәлім етті.
Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Машбекұлы:
– Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық автомобиль дәлізінің Қызылорда облысына тиесілі аумағы – 810,5 шақырым. Оның бойындағы 53 жол бойы сервистік нысанында 1050 адам жұмыспен қамтылған. Бүгінде 47 нысан, яғни 88,6 пайызы ұлттық стандартқа сәйкестендірілген. Осы көрсеткіш бойынша Қызылорда облысы алғашқы үштікке кіреді. Нысандар интернетке қосылған және «Google maps», «Яндекс.Карта» жүйелеріне енгізілген. Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық автомобиль дәлізінің бойында орналасқан сервистік нысандардың 88,6 пайызы ұлттық стандартқа сәйкес келеді. Стандартқа сай емес 6 кешен бойынша тиісті жұмыстар жасалуда. Оның ішінде 2004 жылы салынған 2 нысан жыл соңына дейін, қалған 4-еуі алдағы жылдың бірінші жартыжылдығында ретке келтіріледі. Алдағы уақытта салынатын жол сервистік объектілер ұлттық стандартқа сәйкес болуын қамтамасыз ету үшін тиісті жұмыстар атқарылады. Бұдан бөлек, жол бойы кешендерін күтіп-ұстау шығындарының бір бөлігі ай сайын өтелуде. Қызылорда облысындағы жол бойы сервистік нысандарының сапалы әрі үздіксіз жұмыс жасауы қатаң бақылауда болады.
Артынша жиын әдеттегідей облыс көлемінде жалғасын тауып, аймақ басшысы әр сала басшыларына бағыттап тиісті тапсырмаларды жүктеді. Олардың қатарында жеке жүк тасымалдаушылардың статистикалық ақпаратын жергілікті статистика органдарына мерзімінде ұсыну, жол желісінің сақталуын тұрақты бақылау тапсырмалары да бар.