Дәстүрлі Қазақ отбасында ата -ананың қадірі ерекше әспеттелген. Әсіресе, тіршіліктің қайнар көзі, махаббаттың шуақ күні, мейірімнің кәусәр бұлағы – Ана есіміне қатыссыз дүниеде қасиетті ештеңе жоқ. Сондықтан ананы ардақтамайтын халық та жоқ. Ана баланы тоғыз ай көтеріп, толғатып, дүниеге келтіріп қана қоймайды. Бала, бала, бала деп, түнде шошып оянған. Түн ұйқысын төрт бөліп, Мұзды бесік таянған, – да ана , көзінің қарашығындай қорғап, аялап өсіріп, аяғынан тік тұрғызатын да ана . Халықтың халықтығының басты нышаны – туған елінің тілін үйретіп, сазына қандыратын да ана . Сондықтан әрбір ұлттың рухани өзегі, қан тамыры болып табылатын тілі – Ана тілі деп аталады.Өмір есігін жаңа ашқан нәрестенің бойына туған елінің рухын сіңіретін, балбыратып уататын тұңғыш тәтті сазы, жылауын қойғызатын ән өлеңі де сол ғазиз ана бесікке сүйеніп отырып, емірене айтатын бесік жыры. Ал нәресте өмірінің нәрі – Ана сүті. Халқымыздың байырғы ұғымында баланың анасы алдындағы парызын өтеуі «Ана сүтін ақтау» деп аталады. Оның жөнін халық: «Ана сүтін Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарып келсең де, өтей алмайсың»,- деп түсіндіреді. Атақты орыс жазушысы М. Горькийдің: «Дүниедегі асыл ата улының бәрі күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен жаралған»,- деуі де сол шындықты айқындайды. Әрине, сондықтан да дүние жүзінің барлық елдерінде Отанға опасыздық пен Ана сүтін ақтамау ең зор қылмыс саналады. “Ана” – әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы ақ сүтін беріп аялаған жанын да аямаған ардақтысы. «Ана – жүрек, жүректі құдіретте. Ана – тірек, тіректі құрметте, Ана – шыңың, шыңыңа сағынып жет. Ана – күнің, күніңе табынып өт.»– деп жырлағың келеді. Кез келген адамның әдептілігі мен жан дүниенің сұлулығы, ең алдымен балаға ақ сүтін беріп, әлпештеп өсірген ана жүрегінің жылуынан басталады. Бала бойындағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды. Ананың нәзік үні, жұмсақ аялы алақаны, жан жылуымен аялауы бізді әлдилеп жұбата ды. Баласы үшін анасы бармайтын құрбандық бар ма? Ана болу – бүкіл өміріне кететін ұлы рухани күш пен ерен еңбек. Өз баласын бағып қағуда, ол ана өзін-өзі ұмытып барлық күш жігерін сарқа жұмсайды, бұдан оның жаны байып, нәрлене түседі. Ал баланың анаға деген махаббаты жеткіліксіз. Оны барынша құрметтеп, сыйлау әрбір баланың парызы.
Дильназ Темірғали
Қорқыт ата Университетінің 3 курс студенті