Ғасырлар  бойы  қазақ  жұрты  өзіндік  бірегей  әдет-ғұрыптары мен салт – дәстүрлерін  қалыптастырып келеді. Сонау, XVIII  ғасыр  мен   XX ғасырдың бас кезінде орыс және шетел ғалымдары мен   саяхатшылар  айқын   байқап, бабадан келе жатқан сан-салалы салт- дәстүрімізді жеткізіп жазып  қалдырды.  Қазақтардың әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері, үй ішіндегі отбасылық және адамдардың өзге де топтары арасындагы  қарым-қатынастарды қалыптастыруда үлкен рөл атқарды.

Салт-дәстүр ұлттық тәрбиенің ұлы тіні десем де болады. Дәстүрмен өзге ұлт басқаны тани алады. Ол ұлтқа рух беріп, оның ішкі-сыртқы келбетін өрнектеп көрсетіп тұратын сипаттардың бірі. Салт-дәстүріміз ғасырлар бойы қалыптасып қалған құндылығы,әлеуметтік – мәдени мұрасы болып табылады.  Айтқандай, салт-дәстүр арқылы ұрпақ тәлім-тәрбие алып отырған. Оны қазіргі таңда да үйінде әжесі бар немесе әжелерінің тәрбиесін көрген салиқалы отбасылардан көре аламыз. Қарапайым күнде әкеміздің «Қой!» дегені, анамыздың «Қыз бала емессің бе» деген сөздері де терең мағынамен айтылады. Оны тыңдай білетін құлақ болса, әрбір сөз тәрбиеге келіп тиеді. Үлкендер бүгін мұны бізге үйретіп жатса, болашақта оны келер ұрпаққа насихаттау – біздің мойнымызда! Дәстүріміз болса, халық оң болады, дәстүр бұзылса, қоғамның тарихи даму сабақтастығы да бұзылады! Сондықтан да салт-дәстүрлерімізді құрметтеп, есте сақтап, дұрыс жеткізе білу әрбір адамның қолында!

Тәуелсіздік алып, өркениет биігіне қол созған бүгінгі шағымызда салт- дәстүр,әдетғұрыпосынаутәрбиелік,  тәлімдік  мәні  зор  ұрпақ  тәрбиесінің  қуатты құрал. Әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері, салт-дәстүрі, тілі болатыны белгілі. Біздің тәрбиеміз де ананың ақ сүтінен, ана әлдиінен, атаның қасиетті сөздерінен бастау алады.

Бар бояуы болмысым мен тұрқымның,Салт пен дәстүр қағидасы ұлтымның,-деп ақын Сабыр Адай жырлағандай, халқымыздың әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін, тарихын біліп, оны қастерлеп, бүгініміз бен келешегіміздің нәрлі қайнарына айналдыру – әрқайсымыздың азаматтық борышымыз.

Дильназ Темірғали

Қорқыт ата Университетінің 3 курс студенті

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған